Munarmedia.kz 20.04.2026 /Astana/ Trump Organization компаниясы Грузия астанасында 70 қабатты үй салу жоспарын жариялады. Жоба қаладағы ең биік ғимараттардың біріне айналып, тұрғын апартаменттерді, сауда алаңдарын және қонақүйді біріктіреді.
Жобалаумен халықаралық Gensler бюросы айналысады. Ал серіктестер қатарында грузиялық девелоперлер Archi Group пен Biograpi Living, сондай-ақ Нью-Йорктегі Sapir Organization бар.
Эрик Трамптың айтуынша, бұл жоба Грузияға «әлемдік деңгейде мойындалған сапа стандарттарын» алып келеді.
Айта кетейік, бұған дейін компания 2012 жылы Батуми қаласында жоба жүзеге асырмақ болған, алайда құрылыс тоқтатылған еді. Қазіргі таңда Trump Organization Таяу Шығыс, Вьетнам және Үндістан нарықтарында белсенді түрде кеңейіп келеді.
Фото: shutterstock
#Грузия #Трамп #Құрылыс #ХалықаралықЖоба #Экономика