Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қарсылық. Утилизация алымын жұрт не үшін төлеп жатыр?

27

Қазақстандық шенеуніктер шетелден келген көлікті қайта өңдеуге деп алынатын қымбат алымды арзандатуды ұсынған белсенділердің сөзін қабылдамайтын сияқты. Ал премьер-министр елді импортқа тәуелсіз "көлік державасы" болуға үндеді. Бірақ утилизация алымы мен қазіргі жағдайдан үлкен пайда көріп отырған көлік құрастыру зауыттарына қарсы қозғалыстың қарқыны күшті.

Facebook, Instagram немесе Tik Tok әлеуметтік желілерінің қазақстандық сегментіндегі саяси бөлімдерін қарасаңыз, утилизация алымы жайлы айтып жүрген бір адамның видеосына кезігесіз.

Бұл кісі – бұрынғы шенеунік, кәсіпкер, қазір "Қайта өңдеу алымдары жойылсын" (Nyetutilsboru) деген қозғалыстың белсендісі Санжар Боқаев.

Көлікті қайта өңдеуге жиналатын алым деген не? Бұл төлем түріне қарсы қозғалысты қолдаушылар неге көп?

Бірінші сұрақтың жауабы қарапайым. Көп елде көлікті қайта өңдеуге ақша жиналады. Сонда әлгі көлік тозып, іске жарамай қалғанда, оны утилизация жасап, жоюға кететін шығын алдын ала өтеледі.

Нидерланд елінде Auto Recycling Netherlands үкіметтік емес ұйымы Голландия нарығына шеттен келген автокөліктерден бірінші жолы 20 еуродан (22 доллар) жинайды.

Қазақстанда қозғалтқышының көлемі 1,5 литр болатын импорт көліктер 60 есе, ал қозғалтқыш көлемі 2-3 литр болатын шетелдік автокөліктер 90 есе көп құн төлейді.

Көлік бағасының қымбаттауы осы жүйеге байланысты болып отыр. Екінші сұрақтың жауабын осыдан-ақ түсінуге болады. Билік осы төлем түрін алып тастауға шақырған үндеулерге құлақ аса қойған жоқ.

Санжар Боқаев бастаған утилизация алымына қарсы петицияға 50 мың адам қол қойып, бұл мәселе бойынша қоғамдық талқылау өткізуді талап еткеннен кейін, 15 шілдеде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шенеуніктері төлем құнын азайту мүмкін емес дегендей пікір айтты.