Талғардағы көшеде көлігінің төбесіне шығып, наразылық білдірген Қаржаубай Нұрымовты полицейлер ұстап әкеткен болатын.Бірнеше сағаттан соң Қаржаубай Нұрымовтың ауруханаға түскені белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл жайында Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдад Ашимов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ол ауруханада бүгінгі жағдайға байланысты медициналық тексерістен өтеді. Оны жедел жәрдем көлігімен жеткізген.
Сондай-ақ Бағдад Ашимов Қаржаубай Нұрымовқа қатысты әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті.