Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың сөзінше, уақытты өзгерту жергілікті биліктің құзіретіне кірмейді. Бұл шешім үкіметте қабылданған, мұны өзгерте алмаймыз, дейді.
Көшербаев аймақ тұрғындарының жаңа уақыт белдеуіне бейімделуін жеңілдету үшін жұмыс уақытын өзгерту мәселесі қаралып жатқанын айтты.
"Соның ішінде аурухана, дүкендер, мектептердің, сағат сайын жүретін қоғамдық көліктердің кестесін қайта қарау арқылы жаңа уақыт белдеуіне үйретуді қарастырып жатырмыз", – деді әкім.
Ермек Көшербаев жұмыс уақытын өзгерту мәселесі әлі де халықпен талқыланатынын жеткізді. Сөзінше, нақты шешім бір айда қабылданады.