Munarmedia.kz 17.04.2026 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропаға шикі мұнай экспорттайтын елдер арасында екінші ірі жеткізуші атанды.
Өткен жылы республика 55,8 млн тонна мұнай экспорттаған. Бұл Еуропалық одақ елдеріне жеткізілген мұнайдың жалпы көлемінің шамамен 13%-ын құрайды. Тиісті мәліметтер Еуропалық одақ Кеңесі деректерінде келтірілген.
Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстан тек АҚШ-тан кейінгі орында тұр. Америка Құрама Штаттары Еуроодаққа 63,5 млн тонна мұнай жеткізген.
Сонда Қазақстанның осы мұнайдан тапқан ақшасы қайда? Экономикасы керісінше тұралап барады.