Қытайдың шетелге салған инвестициясы: 20 жылда Орталық Азияның орны қандай?

17

Munarmedia.kz 17.04.2026 2005–2025 жылдар аралығында қытайлық компаниялар әлем бойынша жалпы көлемі 1,5 трлн АҚШ долларын құрайтын инвестиция салған (есепке құны 100 млн доллардан асатын мәмілелер алынған).

Расталған инвестициялар көлемі 806,8 млрд долларды құрады.

Ең көп инвестиция тартқан елдердің алғашқы бестігіне:
– АҚШ – 204,1 млрд доллар
– Аустралия – 108,1 млрд доллар
– Ұлыбритания – 78,9 млрд доллар
– Бразилия – 62,9 млрд доллар
– Швейцария – 57,3 млрд доллар кірді.

Ал Орталық Азия елдері арасында негізгі инвестиция алушы – Қазақстан.

Қазақстанға тартылған қытай инвестициясының көлемі 25,2 млрд долларды құрап, ел 13-орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Нидерланд, Чили және Үндістан сияқты елдерді басып озған.

Өңірдегі басқа мемлекеттер жеке тізімге енбеген. Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан «қалған әлем» санатына (751,2 млрд доллар) енгізілген. Яғни, бұл елдердегі инвестиция көлемі салыстырмалы түрде аз болғандықтан, жеке көрсетілмеген.

Осылайша, соңғы 20 жылда Қазақстан Қытай инвестициясын тарту бойынша Орталық Азияда сөзсіз көшбасшы болып отыр. Ал өзге елдерге бағытталған қаржы негізінен жекелеген жобалар аясында ғана жүзеге асқан және олар әлемдік үздік 30 ел қатарына кірмеген.

Бұдан бөлек, кейбір елдер бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
– Ресей – 29,1 млрд доллар
– Пәкістан – 16,6 млрд доллар
– Вьетнам – 14,2 млрд доллар

Дереккөз: Visual Capitalist / Heritage Foundation (2005–2025 жылдар, 100 млн доллардан жоғары мәмілелер).