Қазақстан азаматтары Таяу Шығыс елдеріндегі банктерде 1,9 мыңнан астам шоттарын декларациялаған

50

Munarmedia.kz 07.04.2026 /Astana/ Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті LS басылымының сауалына берген жауабында мәлім етті.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, деректер 2024 жылдың қорытындысы бойынша 250.00 және 270.00 нысандарында ұсынылған есептер негізінде алынған.

Атап айтқанда, қазақстандықтар Түркияда – 890, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 874, Израильде – 53, Катарда – 45, Сауд Арабиясында – 16, Иранда – 12, Оманда – сегіз, Иорданияда – алты, Кувейтте – төрт, Ливанда – екі банктік шот ашқан. Сонымен қатар, Ирак, Египет және Бахрейн елдерінде бір-бірден шот тіркелген.

Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан азаматтары шетелдік банктердегі 7 082 шот туралы есеп берген. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл шоттардағы жалпы қаражат көлемін жарияламады.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы есепті кезең бойынша камералдық бақылау талап қою мерзімі шегінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта қаржылық шоттар жөніндегі құзыретті органдардың көпжақты келісімі аясында қосымша мәліметтер алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

#Munarmedia #Astana #Қазақстан #Қаржы #Банктер #Декларация #Экономика #Жаңалықтар