Munarmedia.kz 07.04.2026 /Astana/
Қазақстандық студенттер АҚШ астанасы Вашингтонда өткен халықаралық беделді Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жазбаша кезеңде жеңімпаз атанып, жалпы есепте үздік 12 команданың қатарына енді.
Алғаш рет 30 жыл ішінде M.S. Narikbayev KAZGUU University Халықаралық құқық факультетінің студенттері Қазақстан атынан қатысып, осындай жетістікке қол жеткізді.
Jessup турнирі – 1968 жылдан бері жыл сайын өткізілетін, қатысушылар International Court of Justice үлгісінде сот процестерін имитациялайтын әлемдегі ең ірі студенттік құқықтық сайыстардың бірі.
Қазақстандық команда үшін басты жетістіктердің бірі – жазбаша меморандум дайындау бойынша өткізілген байқауда «White & Case International Rounds Alona E. Evans Award» жүлдесін иеленіп, бірінші орын алуы болды. Бұл кезеңге әлемнің 100-ден астам елінен 806 команда қатысқан.
Сонымен қатар, отандық студенттер жалпы турнир қорытындысында үздік 12 команда қатарына еніп, 2024 және 2025 жылдардағы чемпиондарды артта қалдырды. Бұдан бөлек, олар АҚШ-тың беделді «Айви лига» университеттерінің командаларын (Brown University, Harvard University, Yale University, Columbia University, Cornell University, University of Pennsylvania, Princeton University және Dartmouth College) басып озып, аталған оқу орындарының командалары тек үздік 32 қатарымен шектелді.
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Магжан Ильясов студенттерді – Дана Кумаргазы, Шынар Байтон, Анеля Сапарғалиева және олардың жаттықтырушысы Рахимбек Конлимкосты халықаралық құқық саласындағы жоғары жетістіктерімен құттықтады.
#Munarmedia #Astana #Қазақстан #Студенттер #Білім #ХалықаралықҚұқық #Jessup #Жастар #Жаңалықтар