**Munarmedia.kz 07.04.2026 /Astana/**2026 жылдың наурыз айынан бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер азамат зейнет жасына жеткен сәттен бастап автоматты түрде тағайындалады. Бұл үшін арнайы өтініш берудің қажеті болмайды.
Жаңа тәртіпке сәйкес, төлемдер базалық зейнетақы мен міндетті жарналар бойынша төлемдермен қатар рәсімделеді. Егер жинақ көлемі 828 588 теңгеден аспаса, қаражат біржолғы төлем ретінде беріледі. Ал одан жоғары сомалар ай сайынғы төлем түрінде аударылады.
Сонымен қатар, алушылар өз қалауы бойынша төлем шарттарын өзгертуге мүмкіндік алады.
Жаңашылдықтың басты мақсаты – рәсімдеу үдерісін жеңілдету және пайдаланылмай жатқан зейнетақы жинақтарының санын азайту.
#Munarmedia #Astana #Қазақстан #Зейнетақы #ӘлеуметтікСала #Экономика #Жаңалықтар