Қазақстан ЕЭО сирек металл өндіру бойынша үздіктер қатарына шығуы мүмкін

68

Munarmedia.kz 27.03.2026 /Astana/ — Ресей мен Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақты сирек кездесетін металдар бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына шығара алады.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк мәлімдеді.

Алайда комиссияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қомақты шикізат базасының болуы жүйелі мәселелерді толық шеше алмай отыр. Олардың қатарында «бөлу және тазарту қуаттарының жетіспеушілігі, жоғары капитал сыйымдылығы және экологиялық тәуекелдер» бар.

Виталий Вовктың айтуынша, жоғары технологиялық салаларда сирек металдарды тұтынуды ынталандыру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетіктерін белсендірек пайдалану қажет.