Munarmedia.kz-12.11.2026ж/Астана/-Қазақстан электр энергиясын тұтыну ең жоғары деңгейге жеткен кешкі уақытта да ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар артылған электр қуатын Ресейге экспорттауда.
Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміздегі жылу электр орталықтарының жұмысын тұрақтандыру және апаттық жағдайларды азайту бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылған.
«Біз апаттылықты төмендету және жылу электр станцияларының жұмысын жақсарту үшін көп жұмыс атқардық. Қазіргі уақытта станциялар штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – деді министр.
Министрдің мәліметінше, Қазақстан соңғы екі тәулікте Ресейге электр энергиясын жеткізген. Алдыңғы күні 120 МВт, келесі күні шамамен 80 МВт электр қуаты экспортталған.
Бұл көрсеткіш еліміздің кешкі уақытта электр энергиясын тұтыну көлемі артқан кезде де ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді.
Биыл электр энергиясын тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 18 200 МВт болады деп болжанып отыр.
Ал келесі жылы Қазақстанда электр энергиясының профициті 1,5 миллиард кВт·сағатқа жетуі мүмкін. Бұл елдің бүкіл энергетикалық жүйесінің шамамен төрт күн бойы үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті электр энергиясына тең.
#Қазақстан #Энергетика #ЭлектрЭнергиясы #Ресей #ЭнергетикалықҚауіпсіздік #Экономика