Munarmedia.kz-12.11.2026ж/Астана/-Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді. Ол сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатыспақ.
Садыр Жапаров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен кезектен тыс президент сайлауында 79,2 пайыз дауыс жинап, мемлекет басшысы болып сайланған. Ол сол жылдың 28 қаңтарында ресми түрде қызметіне кірісті.
Жапаров алғаш сайланған кезде қолданыста болған Конституция бойынша президенттік өкілеттік мерзімі алты жылды құрады. Алайда 2021 жылы қабылданған жаңа Конституцияда президенттік мерзім бес жыл болып белгіленіп, бір адамның бұл қызметті екі мерзімнен артық атқаруына шектеу қойылды.
Қырғызстанның Конституциялық соты Жапаровтың алғашқы алты жылдық мерзімі бірінші президенттік мерзім болып есептелетінін растаған.
Осылайша, ол алдағы сайлауда тағы бес жылдық мерзімге президент болуға үміткер ретінде қатысады.
#Қырғызстан #СадырЖапаров #ПрезидентСайлауы #ОрталықАзия #Саясат #Сайлау