Қазақстан газ саласында жаңа бағытқа бет бұрды: Ақтауда ГӨЗ қытайлық серіктеспен салынады

73

Munarmedia.kz 24.04.2026 /Astana/ – Қазақстанның газ саласы батыстық серіктестерден бас тартып, Ақтау қаласында газ өңдеу зауытын қытайлық компаниямен бірлесіп салуды жоспарлап отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауыты жобасы бойынша Eni және Shell компанияларымен келіспеушіліктерден кейін жаңа бағыт таңдады. Аталған жоба бойынша келіссөздер екі жыл бойы жүргізілген.

Шетелдік серіктестер жобаның бюджетін 3,5 млрд доллардан 6 млрд долларға дейін ұлғайтуды және қосымша 1 млрд доллар шығынды жабуды талап еткен. Алайда Қазақстан билігі бұл талаптарды қолайсыз деп бағалады.

Нәтижесінде жобада 50 пайыз үлеспен қытайлық CITIC Construction компаниясы қатысады.

Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытын салу стратегиялық маңызға ие. Себебі елде газды терең өңдеу қуаттарына сұраныс жоғары.

Энергетика министрлігінің бағалауынша, жобаның құны шамамен 2,5 млрд долларды құрайды. Дегенмен, қосымша газ құбырын тарту қажеттілігі туындаса, жалпы шығын көлемі артуы мүмкін.

#Қазақстан #ГазСаласы #ҚазМұнайГаз #Ақтау #Қарашығанақ #Инвестиция #Энергетика #Қытай #Kazinform #Munarmedia