Қазақстан газ -химиясын дамытуда АҚШ пен серіктестікті күшейтуді жоспарлап отыр

73

Астана, 30.04.2026 /Munarmedia.kz/ – Қазақстан газ-химиясы мен сутегі энергетикасын дамыту бағытында АҚШ компаниясымен серіктестікті күшейтуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болсоммен кездесу өткізді. Тараптар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында Премьер-Министр Қазақстанның жаңа технологиялық құрылымдағы экономикаға кезең-кезеңімен көшіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта өндірісті жаңғырту, озық технологияларды трансферттеу және жаңа өнеркәсіп салаларын қалыптастыруға басымдық берілуде.

— Біз жетекші халықаралық компаниялармен серіктестікке ерекше мән береміз және озық технологияларды дамыту бағытында өзара тиімді ынтымақтастыққа ашықпыз. Қазақстанның ресурстық әлеуеті зор және жаңа индустриялық салаларды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, — деді Олжас Бектенов.

Сарапшылардың пікірінше, газ-химия және сутегі энергетикасы бағытындағы жобалар еліміздің экспорттық мүмкіндігін кеңейтіп, жоғары қосылған құнды өнім өндірісін дамытуға ықпал етеді.

#Астана #Үкімет #Энергетика #ГазХимия #СутегіЭнергетикасы #Инвестиция #Қазақстан #Munarmedia