Қазақстан Газаға қандай көмек көрсетеді?

39

Munarmedia.kz 20.02.2026 /Astana/ Бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның Газа қауіпсіздігін қамтамасыз ету және секторды қалпына келтірудегі ықтимал рөліне қатысты нақтыланған мәліметтерді жариялауда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда сөйлеген сөзінде Қазақстанның Газадағы Халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ел әскери бөлімшелерді, соның ішінде әскери медициналық персоналды жіберуге, сондай-ақ азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жолдауға әзір.

Осылайша, қазақстандық миссия құрамына әскери дәрігерлер мен бақылаушылар енеді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметі Газа секторындағы азаматтық инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға ниетті. Бұдан бөлек, алдағы бес жыл ішінде палестиналық студенттерге 500 білім грантын беру, цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту бағытындағы тәжірибемен бөлісу көзделген.