Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді: 30 вагон жүк Тегеранға жөнелтілді

56


АСТАНА.18.05.2026.Munarmedia.kz – Қазақстан Иран Ислам Республикасына гуманитарлық көмек жіберді. Жүк «Серахс» теміржол бекетінде Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына ресми түрде тапсырылды.

Гуманитарлық көмектің құрамына ет консервілері, қант, бірінші сортты ұн, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кірді. Жалпы көлемі 30 вагон жүк ретінде жөнелтілген.

Қазақстанның Ирандағы елшісі Оңталап Оңалбаевтың айтуынша, Иран Қазақстан үшін Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі маңызды серіктестердің бірі болып саналады.

Иран тарапы көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, бұл қадам екі ел арасындағы гуманитарлық және дипломатиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтатынын атап өтті.

Жөнелтілген гуманитарлық жүк кейін Тегеран қаласына жеткізіліп, тиісті мемлекеттік және қоғамдық мекемелер арасында таратылған.

#Қазақстан #Иран #ГуманитарлықКөмек #Дипломатия #Тегеран #Серахс #Munarmedia