Munarmedia.kz-05.11.2026ж/Астана/-Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа теміржол желісі ашылды. Қазан айында осы бағыт бойынша қазақстандық көмір тиелген алғашқы пойыз жөнелтілді. Әңгіме еліміздің оңтүстігіндегі маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі туралы болып отыр.
Жаңа теміржол желісі екі ел арасындағы жүк тасымалдау мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоба іске қосылғаннан кейін өткізу қабілеті жылына 10 миллион тоннаға артады деп күтілуде.
Сонымен қатар жаңа бағыт Сарыағаш – Ташкент теміржол учаскесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта жүк тасымалының көлемі жоғары болғандықтан, қосымша теміржол желісінің іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы логистикалық байланысты дамытуға ықпал етпек.
#Қазақстан #Өзбекстан #Теміржол #ДарбазаМақтаарал #КөлікЛогистикасы #Экономика #Munarmedia