Қазақстанда 500-ге жуық дәрі-дәрмек түрін өндіру жоспарланып отыр

5

Munarmedia.kz-05.11.2026ж/Астана/- Қазақстанда 500-ге жуық дәрілік препарат түрін шығаратын өндіріс орындарын ашу жоспарлануда. Олардың жартысынан астамы 2027–2030 жылдары өндіріске енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елімізде жалпы құны 862 миллион АҚШ долларын құрайтын сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде Алматы облысы мен Алматы қаласында алты өндіріс кәсіпорнын ашу көзделген.

Соңғы екі жылда Қазақстанның фармацевтика саласындағы экспорты шамамен 1,9 есе өскен. Отандық дәрі-дәрмектерді негізгі сатып алушылар қатарында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Молдова бар.

Сонымен қатар биыл қыркүйек айында Қазақстан Болгарияға қант диабетін емдеуге арналған дәрілік препараттың алғашқы партиясын экспорттаған.

#Қазақстан #Фармацевтика #ДәріДәрмек #Инвестиция #Өндіріс #Экспорт #ДенсаулықСақтау #Munarmedia