Munarmedia.kz-05.10.2026ж/Астана/-Жапония астанасы Токиода белгісіз ер адам құны 257 мың еуро (шамамен 46 миллион иен) тұратын швейцариялық Audemars Piguet сағатын ұрлап, бірнеше күннен кейін курьер арқылы қайта жіберген. Сәлемдеменің ішінен қолмен жазылған кешірім хаты да табылған. Бұл туралы The Japan Times басылымы хабарлады.
Оқиға 29 қазан күні Токионың Накано ауданындағы Nakano Broadway сауда орталығында болған. Қара киінген ер адам сағат дүкеніне сатып алушы кейпінде кіріп, қымбат үлгілердің бірін көрсетуді сұраған. Сағатты сол қолына тағып көрген ол кенеттен дүкеннен жүгіріп шығып, ізін суытқан.
Алайда 1 қараша күні таңертең дүкен қызметкерлері курьер арқылы жеткізілген сәлемдемені алған. Оның ішінен ұрланған сағат табылған. Сериялық нөмірін тексеру нәтижесінде оның дәл сол дүкеннен қолды болған сағат екені расталған.
Сәлемдеменің ішінде «Мен өте қатты кешірім сұраймын» деген жазуы бар хат та болған. Дегенмен полиция күдіктіні іздеуді жалғастырып жатыр. Өйткені сәлемдемеде көрсетілген жіберушінің аты-жөні мен деректері жалған болып шыққан.
#Жапония #Токио #Ұрлық #AudemarsPiguet #ӘлемЖаңалықтары #MunarMedia