Қазақстан Қытайға газ транзитін 1,6 есеге арттыруы мүмкін.

67

Munarmedia.kz 27.03.2026 /Astana/Қазақстандық «Азиатский газопровод» ЖШС арқылы өтетін транзиттік бағыт Түрікменстаннан Қытайға газ жеткізілімінің артуы аясында айтарлықтай күшеюі ықтимал. Бұл туралы inbusiness.kz CGTN және түрікмен бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.

Гурбангулы Бердымухамедовтің мәлімдеуінше, Түрікменстан–Қытай газ құбыры арқылы табиғи газ экспортының көлемі жылына 65 миллиард текше метрге дейін ұлғаяды. Қазіргі уақытта бұл бағыт бойынша жыл сайын шамамен 40 миллиард текше метр газ жеткізіледі.

«Түрікменстан–Қытай газ құбыры бойынша ынтымақтастық 2006 жылы бас келісімге қол қоюдан басталып, 2009 жылғы 14 желтоқсанда пайдалануға берілді. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, осы құбыр арқылы Қытайға шамамен 460 миллиард текше метр табиғи газ жеткізілді», — делінген хабарламада.

«Галкыныш» кен орнын CNPC компаниясының қатысуымен игеру жылына қосымша 10 миллиард текше метр газ өндіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстан аумағы арқылы өтетін газ құбырының транзиттік көлемін арттыруға жағдай жасайды.