Munarmedia.kz 25.03.2026 /Astana/ –Бұл туралы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті. Ақпаратты Қазақстанның Астық одағы жанындағы талдау комитетінің басшысы Евгений Карабанов жеткізген.
Шектеу бидай, қарабидай, арпа, сұлы, жүгері, соя бұршақтары, кебек, күнжара, шрот және жем өндірісіне арналған өзге де компоненттерге қатысты.
Министрлік мұндай шешімді Ресейдің бірқатар өңіріндегі эпизоотиялық жағдайдың нашарлауымен түсіндірді. БАҚ мәліметінше, Пастереллез індетінің таралуына байланысты малды жаппай сою фактілері тіркелген.
Қазіргі уақытта енгізілген тыйымның нақты қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ресейдің тағы алты өңірінен ет пен сүт өнімдерін әкелуге де шектеу қойған болатын.
#Munarmedia #Astana #Қазақстан #АуылШаруашылығы #Импорт #Астық #Жем #Шектеу