Қазақстан вольфрам өндіруде әлемде үшінші орынға көтерілді

10

Munarmedia.kz 25.03.2026 /Astana/ – Қазақстан вольфрам өндіру бойынша әлемдегі жетекші үш елдің қатарына енді.Бұл көрсеткішке Богутин кен орны іске қосылуы нәтижесінде қол жеткізілді.

Саладағы өзгерістердің арқасында Қазақстан вольфрам өндірісі бойынша әлемде үшінші орынға көтерілді. Сонымен қатар, өткен жылы ел алғаш рет вольфрам концентраттарын шетелге экспорттаған.

Ресми деректерге сәйкес, экспорттың жалпы көлемі 3,7 мың тонна вольфрам кені мен концентраттарын құрады. Оның барлығы Қытайға жөнелтілген.

Экспорттан түскен табыс 71 млн доллар деңгейінде бағаланып отыр.

#Munarmedia #Astana #Қазақстан #Вольфрам #Өндіріс #Экспорт #ТауКенСаласы #Экономика