Munarmedia.kz 25.03.2026 /Astana/ – Бұған дейін Қазақстан Энергетика министрлігі жаңа зауытты жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу қуатымен 2040 жылға дейін іске қосуды жоспарлаған болатын.
Алайда жоба мерзімі қайта қаралып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпорынды 2033 жылдан кешіктірмей салып, пайдалануға беру көзделіп отыр.
Алдын ала бағалау бойынша, жобаның құны шамамен 10 млрд долларды құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстанда мұнай өңдеудің жалпы көлемін 54%-ға арттыру жоспарланған. Қазіргі 18 млн тоннадан 27,7 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Осы мақсатта қолданыстағы ірі зауыттардың қуатын ұлғайту қарастырылған:
– Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 2 есеге, 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін;
– Павлодар мұнай-химия зауыты – 63%-ға, 5,5 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін;
– Атырау мұнай өңдеу зауыты – 22%-ға, 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін.
#Munarmedia #Astana #Қазақстан #МӨЗ #Мұнай #Энергетика #Инвестиция #Өнеркәсіп