Қазақстан Ресейден «Дружба» мұнай құбыры арқылы жеткізілімді қайта бастауды сұрады

54

Munarmedia.kz-05.11.2026ж/Астана/-Қазақстан мамыр айынан бері тоқтатылған «Дружба» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды қайта бастау жөнінде Ресейге ресми сұрау жолдады. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Дружба» – Ресей мен Қазақстан мұнайын Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне жеткізуге арналған әлемдегі ең ірі магистральдық мұнай құбырлары жүйелерінің бірі.

Құбыр жүйесінің жалпы ұзындығы шамамен 8,9 мың шақырымды құрайды. Оның 3,9 мың шақырымы Ресей аумағы арқылы өтеді.

Жүйенің мұнай өткізу қуаты тәулігіне 1,2–1,4 миллион баррельге бағаланады.

Қазақстан тарапы жеткізілімді қайта бастау мәселесі бойынша Ресейден жауап күтуде. Бұл бағыттағы мұнай тасымалының жаңғыруы қазақстандық мұнай экспорты үшін маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

#Қазақстан #Ресей #Мұнай #ДружбаМұнайҚұбыры #Энергетика #МұнайЭкспорты #Munarmedia