Қазақстан вольфрам кен орындарын игеретін компанияның 70 пайыз үлесін америкалық инвесторларға сатты

68

Munarmedia.kz 12.06.2026. ASTANA «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы «Северный Катпар» ЖШС-дегі 70 пайыздық үлесін америкалық Cove Kaz Capital Group компаниясына 114,8 миллион АҚШ долларына сатқан.

Мәміле 2026 жылғы 13 ақпанда жасалғаны бұған дейін хабарланған болатын. Компанияның шоғырландырылған қаржылық есебінде келісімнің нақты құны 114,8 миллион доллар екені көрсетілген.

«Северный Катпар» ЖШС Ақмола облысындағы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарын игеру жобаларын жүзеге асырады. Бұл кен орындары Қазақстандағы стратегиялық маңызды вольфрам қорларының қатарына жатады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, мәміледегі сатып алушы – Cove Kaz Capital Group компаниясы АҚШ президенті Donald Trumpтің ұлдары Donald Trump Jr. мен Eric Trumpпен байланысты.

Әзірге тараптар аталған келісімнің инвестициялық және өндірістік жоспарларына қатысты толық мәлімет жариялаған жоқ.

Telegram арнамыз: https://t.me/Munarmedia

#Munarmedia #Astana #ТауКенСамұрық #СеверныйКатпар #Вольфрам #Инвестиция #Қазақстан #АҚШ #ДональдТрамп #Экономика #Жаңалықтар