Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты.

83

Munarmedia.kz 04.04.2026 /Astana/ Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айының басында ел тұрғындарының саны 20 532 240 адамды құраған. Жыл басынан бері халық саны 32 418 адамға артқан.

Табиғи өсім 28 835 адамды қамтамасыз етсе, көші-қон сальдосы 3 583 адам болған.

Қазіргі таңда 13 миллионнан астам қазақстандық қалада тұрса, ауылдық жерлерде 7,4 миллион адам тұрады.

Елдегі ең ірі қала – Алматы, мұнда 2,35 миллион адам тұрады. Одан кейін Түркістан облысы (2,15 млн) және Астана қаласы (1,64 млн) орналасқан. Ең аз халық саны Ұлытау облысында тіркелген – 219 мың адам.

#Қазақстан #ХалықСаны #Статистика #Демография #ҰлттықСтатистика