Munarmedia.kz 04.04.2026 /Astana/ Ел билігі бұл бағытта қатаң шаралар әзірлеуде.
Табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдан бері елде қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту және қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі таңда пластикті пайдалануды кезең-кезеңімен шектеуді көздейтін екі негізгі заң қабылданған. Пилоттық жоба Ыстықкөл облысында басталып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сарапшылардың пікірінше, елде қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәдениеті әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Әсіресе пластикті жағу аса қауіпті саналады, өйткені ол ауаның ластануына әкеліп, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
#Қырғызстан #Экология #Пластик #ҚалдықтардыӨңдеу #ҚоршағанОрта #Реформа