Қазақстанда 2027 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібі өзгереді

64


Munarmedia.kz 25.10.2026-2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау шарттары өзгереді. Төлем мөлшері отбасының табысы мен белгіленген кедейлік шегіне байланысты есептеледі.

Көмек алу үшін азаматтар жеке деректерін, банк шоттары мен кредиттері туралы мәліметтерді тексеруге келісім беруі қажет.

Еңбек етуге мүмкіндігі жоқ аз қамтылған азаматтарға, оның ішінде зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға шартсыз ақшалай көмек қарастырылады.

Сонымен қатар отбасының бірнеше жылжымайтын мүлігі немесе автокөлігі, банктегі ірі салымдары не шоттары бойынша елеулі шығындары болса, әлеуметтік көмек беруден бас тартылуы мүмкін. Алайда отбасылардың жекелеген санаттарына ерекше жағдайлар қарастырылған.

#Munarmedia #Қазақстан #ӘлеуметтікКөмек #АӘК #ӘлеуметтікҚолдау #2027Жыл