Munarmedia.kz 25.10.2026-Қазақстанның 70 елді мекенінде ауа сапасы тексерілді. Оның 11-інде ластану деңгейі жоғары және өте жоғары, ал 27 елді мекенде көтеріңкі деңгей анықталған.
Ауа қатты ластанған қалалардың қатарында Қарағанды, Алматы және Ақтөбе бар.
Кеңқияқ кентінде күкіртсутек концентрациясы рұқсат етілген нормадан 33,4 есе асып кеткен.
Ауаны ластаудың негізгі көздері — өнеркәсіптік шығарындылар, автокөліктер, тұрғын үйлерді жылыту және мұнай-газ кәсіпорындары.
Қазақстанда экологиялық жағдайды жақсарту үшін түрлі шаралар жүзеге асырылып, зиянды шығарындыларға бақылау күшейтілуде.
#Munarmedia #Қазақстан #АуаСапасы #Экология #АуаныңЛастануы #Қарағанды #Алматы #Ақтөбе #Кеңқияқ