Munarmedia.kz-27.11.2026ж/Астана/-

Қазақстанда кондитерлік өнімдерді міндетті таңбалау енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі.

Жаңа талап өнімнің жеткізу тізбегінің барлық кезеңінде қозғалысын бақылауға, оның шығу тегі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің пікірінше, таңбалау тұтынушыларды контрафактілік тауарлардан қорғауға, кәсіпкерлер үшін әділ бәсекелестік жағдайын қалыптастыруға және заңсыз өнімдердің нарыққа түсуіне тосқауыл қоюға көмектеседі.

Бұдан бөлек, бастама көлеңкелі айналымды азайтып, бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыруды көздейді.

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 9 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.

#Munarmedia #Қазақстан #КондитерлікӨнімдер #Таңбалау #АуылШаруашылығы #Сауда #Бизнес #АшықНҚА