Munarmedia.kz-26.11.2026ж/Астана/-2027 жылдың 1 сәуірінен бастап Венецияда туристік салық мөлшері өседі. Ең қымбат қонақүйлерде бір түнге алынатын төлем 5 еуродан 9,50 еуроға дейін көтеріледі. Арзан қонақүйлерде де салық көбейеді: тарихи орталықтағы бір жұлдызды қонақүйде тұратын турист енді бір түн үшін 1 емес, 4 еуро төлейді.
Жаңа тарифтерді қала әкімшілігі 20 қарашада мақұлдаған. Қала билігі бұл шешімді жаппай туризмнен туындайтын шығындарды өтеу қажеттілігімен түсіндіреді. Қосымша қаражат қоғамдық қызметтерді қаржыландыруға, тарихи ғимараттарды күтіп ұстауға және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға жұмсалмақ.
Венецияға бір күнге келетін туристерден алынатын кіру төлемі де 2027 жылы сақталады. Ақылы күндердің саны 60-тан 72-ге дейін көбейеді. Төлем 26 наурыз бен 15 тамыз аралығында алынатын болады.
Кіру ақысы өзгермейді: алдын ала төлегендер 5 еуро, ал кеш брондағандар 10 еуро төлейді.
#Венеция #туризм #Еуропа #салық #Munarmedia





