Munarmedia.kz | 22.07.2026 | ASTANA -Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) айналымы 7,5 млрд теңгеден асқан Nomad Poker онлайн-казиносының заңсыз қызметінің жолын кесті.
Тергеу мәліметінше, заңсыз ойын платформасының жұмысы Қазақстан азаматтарының қатысуымен Грузия аумағынан үйлестірілген.
ҚМА мәліметіне сәйкес, онлайн-казиноның заңсыз қызметіне 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған. Қаржылық операцияларды жүргізу үшін 60-тан астам дроп-шот пайдаланылған. Ал ойыншылардан түскен қаржының жалпы көлемі 7,5 млрд теңгеден асқан.
Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке және дропперлердің банктік шоттарындағы 158 млн теңгеге тыйым салынды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #ҚМА #ҚаржылықМониторинг #ОнлайнКазино #NomadPoker #ЗаңсызОйынБизнесі #Қылмыс #Тергеу