Munarmedia.kz-09.11.2026ж/Астана/-Қазақстанда кәсіпкерлікті несиелендіру көлемі артып келеді. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бизнеске берілген несиелердің жалпы көлемі 16,4 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға жоғары.
Несие алуда ең жоғары өсім шағын және орта бизнес сегментінде тіркелген. Шағын кәсіпкерлікке берілген қарыз көлемі 30,1 пайызға, орта бизнеске берілген несие 31,8 пайызға артқан. Ал ірі кәсіпорындарды несиелендіру көлеміндегі өсім небәрі 2,2 пайызды құрады.
Кәсіпкерлерге берілген несиелердің басым бөлігі ұзақ мерзімді қарыздарға тиесілі. Бір жылдан астам мерзімге рәсімделген несиелер бизнеске берілген барлық қарыздың 70,7 пайызын құрайды.
#Қазақстан #Бизнес #Кәсіпкерлік #Несие #Экономика