Қазақстанда сақтандыру шарттары 30 пайызға азайғанымен, компаниялардың табысы өскен

39

Munarmedia.kz-09.11.2026ж/Астана/-Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында жасалған сақтандыру шарттарының саны өткен кезеңмен салыстырғанда 30,4 пайызға қысқарған. Осы уақыт аралығында 13,1 млн сақтандыру шарты рәсімделген.

Алайда сақтандыру компанияларының қаржылық түсімі керісінше артқан. Жиналған сақтандыру сыйлықақылары 16,8 пайызға өсіп, 1,43 трлн теңгеге жетті.

Сақтандыру шарттарының азаюына банктік несие рәсімдеу кезінде сақтандыру полистерін сататын агенттерге төленетін комиссиялық сыйақыға қойылған шектеулер себеп болғаны айтылады.

Есепті кезеңде сақтандыру компаниялары клиенттеріне 417,9 млрд теңге көлемінде төлем жасаған. Ал саланың жиынтық активтері 4,8 трлн теңгеге жеткен.

#Қазақстан #Сақтандыру #Қаржы #Экономика #Банк