Қазақстанда блогер Жанабыловтар үйқамаққа алынды

6

Munarmedia.kz 10.02.2026 /Астана/ -Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша жүргізілген тергеу аяқталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің нұсқасына сәйкес, ерлі-зайыптылар өздерінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы аудиториядан қаражат жинаудың алаяқтық схемасын ұйымдастырған. Аталған аккаунтқа шамамен 15 миллион адам жазылған.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылы Жанабылов пен Төлегенова азаматтарға бағалы сыйлықтар ұтысына қатысу мүмкіндігі бар түрлі оқу курстарын сатып алуды ұсынған. Жүргізілген тексеру нәтижесінде бұл оқу материалдарының нақты құндылығы болмағаны және олардың бір бөлігі интернеттегі тегін ресурстардан алынғаны анықталған.

Тергеу барысында ұйымдастырушылар электронды «сәттілік барабанында» ұсақ ұтыстардың түсу ықтималдығын жасанды түрде арттырып, ірі жүлделерді алу мүмкіндігін шектегені белгілі болды. Жиналған қаражаттың жалпы көлемі шамамен 247,5 млн теңгені құраған, оның едәуір бөлігі банктік депозиттерге орналастырылған.

Сот шешімімен отбасыға тиесілі активтерге, соның ішінде Lamborghini және Lexus маркалы автокөліктерге, сондай-ақ Apple компаниясының мобильді құрылғыларына тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалып, қазіргі уақытта олар іс материалдарымен танысып жатыр.

* InstagramMeta Platforms Inc компаниясына тиесілі әлеуметтік желі.