Munarmedia.kz | 04.06.2026 | ASTANA Қазақстанда Қарулы күштерді, Шекара қызметін, Мемлекеттік күзет қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін көктемгі әскерге шақыру аясында жасақтау жоспары толық көлемде орындалды.
Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, шақырылған азаматтардың басым бөлігі жас жауынгерлер даярлығы курсынан өтіп, әскери ант қабылдаған және қызметтік міндеттерін орындауға кіріскен.
Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан бөлімдерін жасақтау жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, аталған құрылымға 7 мыңнан астам мерзімді әскери қызметші жіберіледі.
Әскерге шақыру туралы хабарламалар азаматтарға электрондық форматта жолдануда. Шақыру қағаздары SMS-хабарлама және электрондық үкімет порталы арқылы жеткізіледі.
#Қазақстан #Әскер #ӘскергеШақыру #ҚарулыКүштер #ҰлттықҰлан #Қорғаныс #ASTANA #Munarmedia