Munarmedia.kz | 04.06.2026 | ASTANA Қырғызстанда 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен 336 миллион сом бөлінді.
Ресми мәліметке сәйкес, алдағы халықаралық доданың жүлде қоры 61 миллион 300 мың сом көлемінде бекітілген.
Сондай-ақ ойындардың спорттық бағытын қаржыландыруға 334,2 миллион сом қарастырылған. Бұл қаражат қатысушыларды орналастыру мен тамақтандыруға, спорттық киімдер мен жабдықтар сатып алуға, спортшыларды даярлауға, іріктеу турнирлерін өткізуге және оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға жұмсалады.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түрлі елдерінен спортшылар қатысып, ұлттық спорт түрлері бойынша өзара бақ сынайды деп күтілуде.
#Қырғызстан #КөшпенділерОйындары #ДүниежүзілікКөшпенділерОйындары #Спорт #ҰлттықСпорт #ОрталықАзия #ASTANA #Munarmedia