Munarmedia.kz | 04.06.2026 | ASTANA Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаеваға және оның бірқатар бағынысты қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер мектеп ұйымдарының қажеттіліктеріне бөлінген бюджет қаражатын жымқыру мақсатында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қылмыстық құқық бұзушылықтар бірнеше адамның қатысуымен жасалғаны айтылып отыр.
Құқық қорғау органдары күдіктілердің тұрғылықты жерлері мен жұмыс орындарында тінту жүргізіп, іс үшін маңызды құжаттарды тәркілеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, Гүлсім Оразбаева 1 маусымнан бері уақытша ұстау изоляторында отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарамақ. Тиісті сот шешімі жақын уақытта жарияланады деп күтілуде.
Айта кетейік, тергеу аяқталып, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін күдіктілер кінәсіз деп есептеледі.
#Қостанай #БілімБөлімі #ҚылмыстықІс #Прокуратура #БюджетҚаражаты #Қазақстан #ASTANA #Munarmedia