Астана, 30.04.2026 /Munarmedia.kz/ – . Негізгі басымдық цифрлық және ІТ дағдыларды дамытуға берілмек.
Жаңа мазмұнға сәйкес, оқушылар бағдарламалау, деректермен жұмыс істеу және Жасанды интеллект бағытындағы пәндерді кезең-кезеңімен меңгереді. Бастауыш сыныптарда бұл бағыт құрал ретінде енгізілсе, 5-сыныптан бастап тәжірибелік сипаттағы жеке пән ретінде оқытылуы мүмкін.
Сонымен қатар оқу бағдарламасына бірқатар жаңа пәндерді енгізу қарастырылып отыр. Атап айтқанда, 5–7 сыныптарға арналған «Конституция негіздері» және 8–9 сыныптарға арналған «Заң және тәртіп» курстары енгізіледі. Бұдан бөлек, «Қазақстан географиясы» пәнін қайта оқыту мәселесі де талқылануда.
Білім беру саласындағы уәкілетті органдардың мәліметінше, өзгерістер оқу жүктемесінің жалпы көлемін арттырмайды. Яғни жаңартулар сағат санын көбейтуге емес, білім мазмұнын жетілдіруге бағытталған.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадамдар оқушылардың заманауи технологияларға бейімделуін күшейтіп, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
#Астана #Білім #Мектеп #Цифрландыру #IT #ЖасандыИнтеллект #Қазақстан #Munarmedia