Германия мен Жапонияның қорғаныс саласының күшейуі Қазақстанға әсер етуде

20

Астана, 30.04.2026 /Munarmedia.kz/ – Әлемдік экономиканың «қорғаныс суперцикліне» көшуі Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да ықпал етпек. Мұндай қорытындыға Teniz Capital сарапшылары келді.

Аталған үрдіс жетекші экономикалардың әскери шығындарды тұрақты түрде арттыруымен байланысты. Мәселен, Германия автокөлік өнеркәсібін қорғаныс қажеттіліктеріне бейімдей бастаса, Жапония ондаған жылдар бойы қолданыста болған қару-жарақ экспортына қатысты шектеулерді жеңілдетті.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдайда негізгі пайда алушылар қатарында Rheinmetall, Mitsubishi Heavy Industries және Thyssenkrupp Marine Systems секілді ірі қорғаныс-өнеркәсіп компаниялары бар. Алайда тапсырыстар көлемінің артуы шикізат пен білікті кадрлардың тапшылығына байланысты тежеліп отыр.

Қазақстан мен көршілес мемлекеттер үшін бұл үдерістегі екі негізгі бағыт маңызды. Біріншіден, инвестициялар тұтыну секторынан әскери-өнеркәсіптік кешенге және ауыр индустрияға ауысуда, бұл өз кезегінде шикізатқа деген сұранысты арттырады. Екіншіден, Еуропа елдері реиндустрияландыру саясатын күшейтіп, көлік инфрақұрылымы, өндірістік кооперация және жеткізу тізбектерінің сенімділігіне басымдық беруде.

Сарапшылардың бағалауынша, аталған өзгерістер Қазақстан үшін экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтіп, ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияларды қайта қарауға негіз болады.

#Астана #Экономика #Қорғаныс #Инвестиция #Өнеркәсіп #Қазақстан #ОрталықАзия #Munarmedia