Қазақстанда «Pinco» және «Pin-Up» интернет-казиноларының ұйымдастырушылары іздеуге жарияланды

63

Munarmedia.kz. 04.11.2026/ASTANA/-Қазақстанда заңсыз «Pin-Up» және «Pinco» интернет-казиноларын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Ресей азаматы Дмитрий Пунин мен Украина азаматы Марина Ильина іздеуге жарияланды.

Тергеу нұсқасы бойынша, заңсыз бизнесті жасыру үшін ресми букмекерлік кеңсе ретінде жұмыс істеген «PIN-UP KZ» ( «Бонами» ЖШС) пайдаланылған. Ал қаржыға қатысты операциялар бақылаудағы компаниялар, төлем ұйымдары және банк терминалдары арқылы жүргізілген.

Тергеу барысында 24 терминалдан тұратын желі анықталған. Оның 14-і ақша қабылдаған. Қаржылық операциялардың жалпы көлемі 106 миллиард теңгеден асқан деп бағаланып отыр.

#Қазақстан #PinUp #Pinco #ИнтернетКазино #ҚаржылықҚылмыс #Іздеу #Munarmedia