22.05.2026. АСТАНА –. Инвестор ретінде Big Blue Farms компаниясының негізін қалаушы әрі Сайида Сария Әл Саид ханшайымы қатыспақ.
Алдын ала мәлімет бойынша, жобаға шамамен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланған.
Жоспарға сәйкес, жаңа өндірістік кешен жылына 5,3 мың тоннаға дейін асшаян өнімін шығаруға қауқарлы болады. Өнім ішкі нарықпен қатар, шетел мемлекеттеріне экспортталмақ.
Ынтымақтастық туралы келісімге Big Blue Farms өкілдері мен Қазақстан Республикасының Балық шаруашылығы комитеті қол қойған. Жобадағы қазақстандық серіктес ретінде Artex Machinery компаниясы белгіленді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама Қазақстандағы акваөсіру саласының дамуына серпін беріп, азық-түлік өндірісі мен экспорт көлемін арттыруға ықпал етуі мүмкін.
#Қазақстан #Асшаян #Инвестиция #Оман #Акваөсіру #Экспорт #MunarMedia