АСТАНА. 29 сәуір. Munarmedia.kz – Ол Ақмола облысындағы Қосшы қаласында орналастырылады.
Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа суперкомпьютерді ағымдағы жылдың қараша айында іске қосу жоспарланып отыр.
Жаңа құрылғының қуаты Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орналасқан суперкомпьютерден үш есе жоғары болады. Айта кетейік, аталған суперкомпьютер әлемдегі ең өнімді компьютерлер рейтингінде 103-орында тұр.
Жоба еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және жоғары өнімді есептеулер саласын ілгерілетуге мүмкіндік береді.
#Қазақстан #Қосшы #Суперкомпьютер #Қазақтелеком #Цифрландыру #Технология