Munarmedia.kz 31.03.2026 /Astana/-Мәліметтерге сәйкес, ADCB Қазақстандағы жаңа еншілес банктің жалғыз акционері болады. Сонымен қатар, банк жарғылық капиталмен қамтамасыз етіліп, стратегиялық басқару мен операциялық қолдау да бас компания тарапынан жүзеге асырылады.
Жаңа қаржы институты клиенттерге банктік қызметтердің толық спектрін ұсынуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, оған әмбебап банктік лицензия беріледі.
Abu Dhabi Commercial Bank — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі банктердің бірі. Оның негізгі акционері — Mubadala Investment Company инвестициялық компаниясы, ол толықтай мемлекет меншігінде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің активтері 210 млрд АҚШ долларынан асқан.