Munarmedia.kz.15.11.2026.ASTANA Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар жүйесін жаңарту туралы заңға қол қойды. Құжат аясында «Al-Farabi» және «Qoja Ahmet Yasaui» ордендері, сондай-ақ композитор Шәмші Қалдаяқов атындағы медаль тағайындалды.
Бұдан бөлек, құрметті атақтарға ие болған педагогтер мен медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлем беру қарастырылған.
Жаңа заң оған Президент қол қойған күннен бастап күшіне енді.
#Қазақстан #Тоқаев #МемлекеттікНаграда #ШәмшіҚалдаяқов #Мұғалім #Дәрігер #Munarmedia