Munarmedia.kz.15.11.2026.ASTANA Қазақстанда eGov Mobile қосымшасы арқылы 729 адам әлеуметтік төлемдерді өз еркімен алудан бас тартқан. Бұл қызмет 2026 жылдың қазан айында іске қосылды.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмектің 36 түрінің 12-сі бойынша төлемдер атаулы тәртіппен тағайындалады. Яғни мемлекет көмекті ең алдымен оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттауды көздеп отыр.
Сонымен қатар азаматтардың өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда әлеуметтік төлемдерді қайта алу үшін өтініш беруіне мүмкіндік сақталады.
#Қазақстан #ӘлеуметтікКөмек #eGovMobile #ӘлеуметтікТөлем #Цифрландыру #Munarmedia