Munarmedia.kz.15.11.2026.ASTANA Қазақстан Ішкі істер министрлігі жастарды қылмыстық ортаға тартуға қарсы күресті күшейтті. Жыл басынан бері мектептер мен колледждерде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған 2 мыңнан астам іс-шара өткізілген.
Профилактикалық жұмыстар барысында жастарға теріс ықпал еткен 40-тан астам топ анықталып, 100-ден астам адам ұсталған. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардан ақша бопсалаумен айналысқан төрт топтың әрекетіне тосқауыл қойылған.
Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 47 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олардың 240-тан астам қатысушысы жауапкершілікке тартылып жатыр.
#Қазақстан #Жастар #Қылмыс #Бопсалау #ІІМ #Қауіпсіздік #Munarmedia