Қазақстанда жыл сайын 4 мыңға жуық сәби туа біткен жүрек ақауымен дүниеге келеді

54

Munarmedia.kz  26.07.2026. ASTANA  Қазақстанда жыл сайын шамамен 4 мың нәресте туа біткен жүрек ақауымен дүниеге келеді. Мамандардың мәліметінше, олардың шамамен төрттен бірінде дерт аса ауыр сипатта болып, өмірінің алғашқы күндері немесе апталарында шұғыл хирургиялық ем қажет болады.

Дәрігерлердің бағалауынша, елімізде жыл сайын мыңға жуық жаңа туған нәрестеге жедел кардиохирургиялық операция жасау қажет. Ерте диагностикалау мен уақытылы медициналық көмек көрсету балалардың өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады.

Сонымен қатар, мамандар туа біткен жүрек ақауларының барлық түрі бірдей операцияны қажет етпейтінін айтады. Кейбір жеңіл ақаулар бала өскен сайын өздігінен жабылып, хирургиялық араласусыз-ақ қалпына келуі мүмкін.

Бүгінде Қазақстанда кардиохирургтер туа біткен жүрек ақауларына қатысты операциялардың іс жүзінде барлық түрін, оның ішінде ең күрделі жоғары технологиялық хирургиялық емдеу әдістерін сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл отандық кардиохирургияның дамуы мен мамандардың кәсіби деңгейінің артқанын көрсетеді.