Munarmedia.kz | 22.07.2026 | ASTANA -Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 8–20 шілде аралығында Қара теңіздегі КҚК терминалы маңында кемінде төрт мұнай танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалған. Олардың екеуі Қазақстан мұнайын тасымалдаған.
Соңғы шабуыл Nelsa танкеріне жасалған. Осы оқиғадан кейін КҚК терминалында мұнайды тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.
«Қазіргі уақытта терминалда мұнай тиеу инциденттің салдарын бағалау жұмыстары аяқталғанға дейін тоқтатылды», – делінген Қазақстан Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Министрлік халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретінін атап өтті.
Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай әрекеттер энергетикалық ресурстардың халықаралық саудасының үздіксіздігіне нұқсан келтіріп, жобаға қатысушы тараптардың экономикалық мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіреді.
Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа экспорттайтын негізгі бағыттардың бірі саналады.
#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #Энергетика #КҚК #CPC #Мұнай #ҚараТеңіз #Экспорт #ЭнергетикалықҚауіпсіздік