Munarmedia.kz | 22.07.2026 | ASTANA Қазақстанда соңғы бір тәулікте найзағайдың салдарынан 55 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, өрт ошақтарының ең көбі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында анықталған. Мұнда 41 өрт ошағы тіркелген. Ал «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 9 өрт болған.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында және «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бір-бірден өрт ошағы тіркелді.
Министрліктің хабарлауынша, барлық өрт ошақтары дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде оқшауланған және сөндірілген немесе толық бақылауға алынған.
Ведомство өрт қаупі жоғары кезеңде орман алқаптарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жауапты қызметтерге дереу хабарлауға шақырды.
#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #ОрманӨрті #Экология #СемейОрманы #ЕртісОрманы #Наурызым #Баянауыл #ТөтеншеЖағдай